Bluetooth сымсыз технологиясы
Bluetooth технологиясы сізге радио толқындарын пайдаланып телефоныңызды
10 метр (32 фут) ішіндегі сәйкес Bluetooth құрылғыға қосуға мүмкіндік береді.
Бұл құрылғы Bluetooth Specification 2.1 + EDR мен сай келеді және келесі
профайлдарды қолдайды: SIM картасына қатынас, нысанды итеру, файлды беру,
желілік қашықтан қатынас, құлақаспап, хендсфри, жалпы қатынас, сериялы порт,
жалпы нысан алмасу, озық аудио тарату, қашықтан аудио бейнені басқару және
жалпы аудио/бейне тарату . Bluetooth технологиясын қолдайтын басқа да
құрылғыларымен өзара байланысты қамтамасыз ету үшін Nokiа мақұлдаған
қосымша аспаптарды ғана пайдаланыңыз. Осы құрылғының басқа
құрылғылардың өндірушілерімен бірге үйлесімділігін қамтамасыз етіңіз.
Bluetooth технологиясын қолдану мүмкіндігі батареяның қуатына талаптарды
арттырады және батареяның қызмет ету уақытын қысқартады.
Қоңырауларды тіркеу журналы
© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.
32
Bluetooth байланысын орнату
Мәзір > Параметрлер > Байл. мүмкіндігі > Bluetooth дегенді таңдап, мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Телефонымның аты дегенді таңдаңыз да, телефоныңыздың атын енгізіңіз.
2. Bluetooth қосылымын іске қосу үшін Bluetooth > Қосу дегенді таңдаңыз.
суреті Bluetooth қосылғанын білдіреді.
3. Телефоныңызды көмекші аудио құралына қосу үшін Аудио көм. құр-а қ-з мен
қосылғыңыз келген құрылғыны таңдаңыз.
4. Телефоныңызды қосылу аясындағы Bluetooth құрылғысымен қосу үшін Жұпт-
н құрылғылар > Жаңа құр-ғы қос. дегенді таңдаңыз.
Табылған құрылғыға айналдырып өтіңіз де, Қосу дегенді таңдаңыз.
Телефоныңызға кодты (көбімен 16 таңба) енгізіңіз және басқа Bluetooth
құрылғысындағы қосылымға рұқсат беріңіз.
Егер қауіпсіздік туралы алаң болсаңыз, Bluetooth функциясын ажыратыңыз,
немесе Телефонның көрінуі дегенді Жасырын дегенге орнатыңыз. Bluetooth
құрылғысының байланысын тек қана сіз өзіңіз сенетін байланыстардан алыңыз.
Дербес компьютерді интернетке қосу
Bluetooth технологиясын сәйкес компьютеріңізді интернетке PC Suite
бағдарламалық жасақтамасыз қосу үшін пайдаланыңыз. Телефоныңыз
интернетке қатынауды қолдайтын қызмет көрсетушіні іске қосуға тиісті, және
компьютеріңіз Bluetooth технологиясын қолдауы қажет. Телефоныңыздың желіге
қатынау орны (ЖҚО) қызметіне қосылғаннан кейін және компьютеріңізбен
қосылғаннан кейін телефоныңыз автоматты түрде интернетке пакеттік деректер
қосылымын ашады.