Батарея шынайы болмаса не істеу керек?
Егер сіз этикеткасында голограммасы бар Nokia аккумуляторының
шынайылығын растай алмасаңыз, аккумуляторды пайдаланбай-ақ қойыңыз. Оны
ең жақын орналасқан Nokia уәкілетті қызмет көрсету орнына немесе дилеріне
апарып, көмек сұраңыз. Өндіруші мақұлдамаған аккумуляторды пайдалану
қауіпті болуы және құрылғыңыз бен оның жасауларының жұмысының
нашарлауына және зақымдануына әкеп соғуы мүмкін. Бұл сондай-ақ құрылғыға
қолданылатын қандай да бір рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін.
Түпнұсқа Nokia батареялары жөнінде қосымша мәлімет алу үшін, www.nokia.com/
battery торабына барыңыз.