Nokia 7510 Supernova - Қатынас кодтары

background image

Қатынас кодтары

Телефоныңыз қатынас кодтары мен қауіпсіздік параметрлерін қалай

пайдалануын орнату үшін Мәзір > Параметрлер > Қауіпсіздік > Ену кодтары

дегенді таңдаңыз.
● SIM (USIM) картамен жабдықталған PIN (UPIN) коды картаны рұқсатсыз

пайдаланылуынан қорғауға жәрдемдеседі.

● SIM (USIM) карталармен бірге жабдықталған PIN2 (UPIN2) коды белгілі

қызметтерге қатынасу үшін талап етіледі.

● PUK (UPUK) және PUK2 (UPUK2) кодтары SIM (USIM) картамен бірге

жабдықталуы мүмкін. Егер PIN кодын үш рет қатар қате енгізсеңіз, сізден PUK

коды сұралады. Егер кодтар жабдықталмаған болса, қызмет көрсетушіңізбен

байланысыңыз.

● Қауіпсіздік коды телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланылуынан қорғауға

жәрдемдеседі. Кодты жасай және өзгерте аласыз, сондай-ақ, телефонды

кодты сұрайтын етіп орнатуыңыз мүмкін. Кодты сыр және телефоныңыздан

жеке, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер кодты ұмытып қойсаңыз және

телефоныңыз құлыпқа түсіп қалса, телефоныңызға қызмет көрсету қажет

болып, оған қосымша төлем салынуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Nokia

Care орталығымен немесе телефоныңыз дилерімен байланысыңыз.

● Телефоныңызға (желі қызметке) түсетін немесе одан соғылатын

қоңырауларды шектеу үшін қоңырауға тыйым салу қызметі қолданылған кезде

тыйым салу кілтсөзі талап етіледі.

● Веб шолғышының қауіпсіздік модулінің параметрлерін көру немесе өзгерту

үшін Мәзір > Параметрлер > Қауіпсіздік > Қауіпс. мод. парам-рі дегенді

таңдаңыз.