Nokia 7510 Supernova - Карталар мен GPS

background image

Карталар мен GPS

Сіз Ғаламдық Орналасқан жерді табу жүйесін (GPS) Карталар бағдарламасын

қолдау үшін пайдалана аласыз. Тұрған жеріңізді анықтаңыз немесе қашықтық пен

баратын жолды өлшеңіз.
Телефоныңыздағы GPS функциясын пайдаланбас бұрын, сіз алдымен Bluetooth

сымсыз технологиясы арқылы телефоныңызды үйлесімді сыртқы GPS

қабылдаушысымен жұптастыруыңыз тиіс. Толығырақ ақпаратты өзіңіздегі GPS

құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Bluetooth GPS құрылғысын телефоныңызбен жұптастырғаннан кейін телефон

ағымды орынды анықтағанша бірнеше минут өтуі мүмкін. Келесі байланыс

жылдамырақ болуы тиіс, бірақ сіз GPS бірнеше күн бойы пайдаланбасаңыз

немесе сіз оны соңғы рет пайдаланған жерден алыста болсаңыз, орныңызды

анықтап, көрсету үшін бірнеше минут жұмсалуы мүмкін.
Ғаламдық Орналасқан жерді табу жүйесі (GPS) оның дәлдігі мен жүзеге асуын

қамтамасыз етуде жауапты болып табылатын Америка Құрама Штаттары

үкіметімен басқарылады. Орналасқан жерді табу деректерінің нақтылығына

Америка Құрама Штаттары үкіметі орындайтын және Америка Құрама

Штаттарының азаматтық қорғаныс Департаментімен GPS саясатына және

Федералдық Радионавигациялық Жоспарға сәйкес өзгертілуі мүмкін GPS

жерсеріктерінің дұрыс орналаспауы дәлдікке әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар,

Органайзер

© 2008 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

49

background image

дәлдігіне жерсерігі орбитасы геометриясының ақаулықтары да әсер етуі мүмкін.

GPS сигналдарының қолжетімділігі мен сапасына сіздің орналасу орныңыз,

ғимараттар, табиғат ортасы және ауа райы да әсер етуі мүмкін. GPS

қабылдаушысы GPS сигналдарын қабылдауы үшін тек сыртта пайдаланылуы

тиіс.
Ешбір GPS құрылғысы орналасу орнын нақты анықтау үшін пайдаланылмауы тиіс

және орналасқан орынды анықтау және навигация үшін тек GPS

қабылдаушысынан және ұялы радио желіден алған ақпаратқа сүйенбеңіз.