Батареяны зарядтау
Батареяңыз алдымен зарядталған, бірақ зарядтау деңгейі түрліше болуы мүмкін.
1. Зарядтағышты розеткаға қосыңыз.
2. Зарядтағышты құрылғыға қосыңыз. Зарядтау
кезінде ескертуші шам шамасы әр 30 секундта
жыпылықтайды.
3. Батарея толық зарядталғаннан кейін
зарядтағышты құрылғыдан ажыратыңыз, сонан
соң, розеткадан ажыратыңыз.
Егер батарея заряды толық біткен болса,
дисплейде зарядтау көрсеткіші жанғанша немесе қоңырау шалу мүмкін болғанша
бірнеше минут қажет болады.
Зарядтау уақыты зарядтағыштың түріне байланысты. Телефон күту режимінде
тұрған кезде BL-5BT батареяны AC-3 зарядтағышпен зарядтауға шамасы 2 сағат
40 минут кетеді.